Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су айдындарын тең құқықпен қолданады

692

Келесі жылы Қазақстан мен Ресейдің трансшекаралық су айдыны саласында ынтымақтастық орнату туралы үкіметаралық келісімге қол қойғанына 30 жыл толады.  Бұл туралы Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су айдындарын тең құқықпен қолданады

Құжатқа сәйкес, екі ел трансшекаралық су айдынын бірлесіп қолдануға және қорғауға уағдаласқан. Бұл туралы ресей өкілі Вадим Анатольевич: "Қазақстан мен Ресей ынтымақтастық аясында трансшекаралық су айдынына қатысты жұмыс органдарын құрды. Төтенше жағдай мен болуы ықтимал қауіптің алдын алудың нақты іс-қимыл жоспарын бекітті. Су айдындарын қорғау жұмысы тиісінше атқарылып жатыр. Әр 5 жыл сайын трансшекаралық су айдындарына қатысты жүргізілген мониторинг қорытындысы жарияланады", – деді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу