Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады

214

Жайық пен Ертіс бассейндеріндегі жағдай қаралды. 

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады Фото: gov.kz

Екатеринбург қаласында Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының XVI отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев бастап барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар Бірлескен комиссияның XV отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысын, оның ішінде көктемгі су тасқынын өткізу, су қоймаларын толтыру, халық пен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарына жүргізілген мемлекеттік мониторингтің және су қорғау іс-шараларының нәтижелері қаралды.

Бұдан бөлек, Жайық, Ертіс және басқа да ірі трансшекаралық өзендер бассейндерінде зерттеулер жүргізуге арналған Бірыңғай жол картасын іске асыруға, сондай-ақ Қараөзен мен Сарыөзеннің су шаруашылығы балансын әзірлеуге ерекше назар аударылды.

"Комиссия көктемгі су тасқыны мен су басу кезеңінде өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобы қызметінің оң нәтижелерін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша 2027 жылға арналған жұмыс топтарының құрамы мен іс-шаралар жоспары бекітіліп, Бірлескен комиссияның келесі отырысына дайындық мәселелері қаралды", – деді ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Арсен Жақанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу