Қазақстан мен Ресей үкіметтері келісімге өзгерістер енгізді

1101

Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін кіргізу және Қазақстан аймағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аймағынан тыс шығару мәселелерін реттеуді ведомствоаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Ресей үкіметтері келісімге өзгерістер енгізді

Бүгін Мәскеуде "Ресей энергетикалық апталығы – 2018" Халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Ресей Федерациясының энергетика министрі А. Новак 2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін кіргізу және Қазақстан аймағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аймағынан тыс шығару мәселелерін реттеуді ведомствоаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді (екі елдің энергетика ведомстволары).
Осылайша, Қазақстан жанар-жағармайдың ішкі нарығындағы балансына байланысты мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің экспортын және импортын ашу/жабу бойынша шешімдерді жылдам қабылдай алады.

Қазіргі таңда Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тиым салынған. Қол қойылған хаттама Қазақстандағы жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу