Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасында қандай да бір мәселе жоқ екенін баса айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы күн тәртібі ауқымды екенін атап өтті.
"Біздің ынтымақтастығымызға қатысты ортақ пікірге келіп, үкіметтерге тиісті тапсырмалар бердік. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Мен президент ретінде бұл жұмыстардың орындалуын қадағалайтын боламын. Себебі оған бірінші кезекте назар аударып отырмын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген құрамдағы кездесуде.
Оның сөзінше, екі ел арасында қандай да бір мәселелер жоқ.
Президент бүгін көптеген келісімге қол қойылатынын баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, екіжақты ынтымақтастық дамып келе жатыр.
"Сауда айналымы нығайып келеді. Оның көлемін 30 млрд долларға жеткізу мүмкіндігі бар. Қазақстанда жалпы көлемі 18 млрд доллардан асатын 93 жоба бойынша инвестициялық ынтымақтастық іске асырылып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.