Қазақстан мен Ресей Жайық пен Ертіске қатысты құжатқа қол қойды

643

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин еліміздегі судың 65% ауыл шаруашылығы саласында тұтынылатынын айтты. 

Қазақстан мен Ресей Жайық пен Ертіске қатысты құжатқа қол қойды

"Агроөнеркәсіп секторын сапалы әрі кепілдендірілген су көлемімен қамтамасыз ету еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Бізге   судың басым бөлігі көршілес елдердің аумағынан келеді. Трансшекаралық өзендерді пайдалану бойынша өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері үкіметаралық келісім аясында реттелген. Биыл желтоқсан айында Жайық және Ертіс өзендері экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру жөнінде Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы бағдарламасы қабылданды. Құжатта су алмасуды жақсарту үшін су жіберу құрылыстарын реконструкциялау шаралары көзделген", – деді үкімет басшысы. 

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, суды тиімді пайдалану үшін елімізде 
су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленді.

"Құжат су инфрақұрылымын салуды, жаңғыртуды, жетілдіруді, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуді, суды есепке алу мен бөлуді цифрландыруды көздейді. Аталған іс-шараларды өткізу су шығынын азайтуға мүмкіндік береді", – деді премьер-министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу