Қазақстан мен Ресей жасыл құрылыс саласында ортақ меморандумға қол қойды

354

Жасыл құрылыс бойынша қазақстандық кеңес Өзбекстан, Қызрғызстан, Әзербайжан мен Ресеймен ортақ келісімге келіп, ғылыми-практикалық өзара іс-қимыл туралы меморандумды қабылдады.

Қазақстан мен Ресей жасыл құрылыс саласында ортақ меморандумға қол қойды Фото: Anadolu Agency

Меморандумның мақсаты қатысушы елдердің құрылыс саласын трансформациялау және жаңғырту барысын зерделеу, ғимараттарды экологиялық сертификаттаудың ерікті жүйесінің ережелері мен әдістерін үйлестіру бойынша бір-біріне қолғабыс болу, деп жазады inbusiness.kz сайты.

29 қарашада Астана қаласында "Орталық Азиядағы Жасыл құрылыс 2023" халықаралық конференциясын өткізу шеңберінде "Жасыл құрылыс жөніндегі Қазақстандық кеңес (KazGBC)", "Өзбекстанның экологиялық құрылыс жөніндегі кеңесі (UzGBC)"; "ЮНИСОН" (UNISON Group) - Қырғызстан, "Әзірбайжанның жасыл құрылыс жөніндегі кеңесі (AzGBC)" және "Ресейдегі экологиялық құрылыс жөніндегі кеңес (RuGBC)" атты тараптар арасында ғылыми-практикалық өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды. 

Осы Меморандум шеңберінде тараптар ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыратын болады:

* "жасыл" \ экологиялық және энергия тиімді құрылыс бойынша ғылыми-зерттеу тобын ұйымдастыру;

* тұрақты даму және жасыл / энергия және ресурс үнемдеу технологияларын енгізу жолында елдердің құрылыс саласын трансформациялау деңгейін айқындау;

* құрылыс саласындағы халықаралық тәжірибе мен ұлттық стандарттарды ескере отырып, ғимараттарды экологиялық сертификаттаудың ерікті жүйесін үйлестіру бойынша қатысушы елдерде ұсыныстар әзірлеу;  

* экологиялық құрылыс қағидаттарына сәйкес қатысушы елдердің құрылыс саласын трансформациялау және жаңғырту үшін бірлескен ұсынымдар әзірлеу;

* құрылыс саласындағы халықаралық практика мен ұлттық стандарттарды ескере отырып, ғимараттарды жасыл сертификаттау жүйелері мен құрылыста экологиялық технологияларды енгізу үшін мамандарды даярлау жөніндегі мүмкіндіктерді талдау және қажетті шараларды іске асыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу