Қазақстан мен Ресейдегі колледждер өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды

1089

Қазақстан мен Ресейдегі колледждер өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды

Ақмола облысында "Әлеуметтік серіктестік – кәсіби білім дамуының иновациялық механизмі" халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Құжатқа Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин және Қорған облысының губернаторы Кокорин Алексей қол қойды.

Меморандум Ақмола облысы Чаглинка а., агробизнес колледжі және Свердловск облысының Каменск-Уральск агроөндіріс кешені мен Қорған облысының Шадринск политехникалық колледжі арасында жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу