Қасым-Жомарт Тоқаев: Қос елдің ынтымақтастығына қатысты пессимистік болжам айтуға негіз жоқ

1018

Қ. Тоқаев пен В. Путин Сочидегі кездесу барысында бірқатар мәселені бейресми форматта талқыламақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қос елдің ынтымақтастығына қатысты пессимистік болжам айтуға негіз жоқ

18 тамызда Ресейдің Сочи қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев РФ басшысы Владимир Путинмен кездесіп, "Қазақстан мен Ресейдің болашақ ынтымақтастығына қатысты пессимистік болжамдар айтуға ешқандай негіз жоқ" деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Геосаяси жағдайдың ерекшелігі үкіметтерімізге қосымша нұсқаулар беру үшін келісіп алу қажет екенін көрсетіп отыр. Олар бір-бірімен табысты қызмет етіп келеді. Дегенмен өмірдің өзі жаңа міндеттер қояды және олар шешуді қажет етеді. Жалпы біздің ынтымақтастығымыздың дамып келе жатқанына қанағаттануға толық негіз бар. Мен бұл тұрғыда сізбен келісемін. Бізді ортақ шекара біріктіреді. Ол – әлемдегі ең ұзын, құрлықтағы толығымен делимитацияланған шекара. Біздің ынтымақтастығымыздың болашағына қатысты пессимистік болжамдар жасауға, әрине, негіз жоқ! Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастығымызға қосымша серпін беруге ниеттімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қ. Тоқаев В. Путинмен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа серпін беруге ниетті екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол В. Путиннің қазан айында ТМД саммитіне қатысуын күтетінін айтты.

19 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына РФ басшысы Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу үшін сапарлай барды. Тараптар кездесу барысында екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту тақырыбын талқылады.

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында талқыланатын мәселелердің көп екенін және оларды бейресми жағдайда талқылауға дайын екенін мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу