Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері жаңа стратегиялық әріптестік бағдарламасын бекітті

639

Қорғаныс министрі бастаған Қазақстан әскери делегациясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресейдің Қорғаныс министрлері жаңа стратегиялық әріптестік бағдарламасын бекітті

Отырыс қарсаңында Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс ведомство басшыларының кездесуі өтті.

Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен армия генералы Сергей Шойгу 2022-2024 жылдарға арналған Қазақстан және Ресей стратегиялық әріптестігінің жаңа бағдарламасын бекітті. Бағдарлама екі ел арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шарттың жаңартылған ережелерін дамыту үшін әзірленді.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тараптар жауынгерлік даярлық шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимыл аспектілерін, оның ішінде келесі жылы бірлескен оқу-жаттығулар мен Армия халықаралық ойындарына қатысу жөнінде сөз қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу