Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов пен Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров Мәскеуде кездеседі, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".
"Мәскеуге сапарым алғашқы ресми сапарым болады. Ол Ресей Федерциясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруы бойынша өтеді", – деді Астанада тілшілерге Қайрат Әбдірахманов.
Бұдан дейін еліміздің СІМ басшысы тілшілерге "алдағы күндері" Мәскеуге сапарлайтынын айтқан болатын. Оның сөзінше, "тарихи" сапар болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу