Қазақстан мен Румыния арасындағы әуе рейстерінің саны артады

561

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев және Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Б. Миндреску Қазақстан мен Румыния авиациялық билік орындарының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Қазақстан мен Румыния арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Екі елдің әуекомпанияларына екі ел арасында әр тараптан ұшақтың кез-келген түрінде аптасына 14 рейс орындау құқығы берілді (7 жолаушы және 7 жүк әуе кемесі), деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев және Румынияның Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Б. Миндреску Қазақстан мен Румыния авиациялық билік орындарының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес екі елдің әуекомпанияларына екі ел арасында әр тараптан ұшақтың кез-келген түрінде аптасына 14 рейс орындау құқығы берілді (7 жолаушы және 7 жүк әуе кемесі).

Сондай-ақ "ашық аспан" режимі аясында қазақстандық тарап румын тарапына Қазақстанға ұшуларды 5 дәрежелі "ауа еркіндігін" пайдалана отырып жасауды ұсынды.

Мәселен, 2020 жылдың басында румындық "Blue Air" авиакомпаниясы Бухарест-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуларды бастауды жоспарлаған болатын. Алайда, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Бухарест-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейстің ашылуы белгісіз мерзімге қалдырылған болатын.

Сонымен қатар Румынияның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Николь Стойка мен "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Каталин Раду Техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы тікелей тұрақты рейстерді іске қосуға байланысты жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу