Қазақстан мен Румыния қарым-қатынасына 25 жыл толды

857

Қазақстан мен Румыния қарым-қатынасына 25 жыл толды

2017 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы және Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25 жыл толды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Астана мен Бухарест арасындағы достық қатынастар саяси диалогының, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарышты дамуына қолайлы жағдай жасауда. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде екі елдің өз күштерін үйлестіруі тараптардың жақындасуына септігін тигізеді.

2007 жылы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Румынияға ресми сапары екіжақты қатынастардың маңызды кезеңі болды. 2010 жылы Румынияның Президенті Қазақстанға екі мәрте сапар шекті. Парламенттік және үкіметтік делегациялардың сапарлармен алмасуы жүйелі іске асырылып, елеулі келісім-шарттық негізі құрылды.

Екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы бірлескен іс-әрекеттер жоспары шеңберіндегі жүйелі саяси консультациялар ынтымақтастықтың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың пәрменді тетігінің құралы Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы болып табылады. Елдер көліктік-транзиттік әлеуетін, соның ішінде Транскаспийлік халықаралық көлік маршруты шеңберінде тиімді пайдалануға ниетті.

Румыния Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Қазақстан, өз кезегінде, осы ел экономикасының ірі инвесторларының бірі болуда. Іскерлік байланыстарды жандандыруға тұрақты мүдделілік танытылуда.

Мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Қазақстанда, атап айтқанда Алматыда "Ұлы Штефан", Қарағандыда "Дачия" және Павлодарда "Буковина" румын ұлттық-мәдени қоғамдары жемісті қызмет атқаруда. 20 мыңнан астам қазақстандық румындар халықтар арасындағы достықтың дамуы мен нығаюының байланыстырушы көпірі болып табылады.

Қазақстан Румыниямен саяси диалогты әрі қарай нығайтуға және жан-жақты өзара іс-қимылды кеңейтуге берік ұстанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу