Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив саласындағы ынтымақтастығын кеңейтеді

355

Екі ел мамандары тарихи құжаттарды сақтау және цифрландыру мәселелерін талқылады.  

Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив саласындағы ынтымақтастығын кеңейтеді Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің делегациясы Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар барысында Қазақстанның Ұлттық архиві мен Король Әбділ Әзіз атындағы зерттеу және архив қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру жөніндегі Атқарушы бағдарламаға қол қойылды.

Құжат аясында екі ел архившілерінің тәжірибе алмасуы, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуі және ғылыми-ағартушылық іс-шаралар өткізуі жоспарланған.

Қазақстандық делегация Сауд Арабиясының Ұлттық музейінің, Король Әбділ Әзіз атындағы зерттеу және архив қорының, ұлттық кітапханалардың және Король Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығының жұмысымен танысты.

Кездесулерде тарихи құжаттарды сақтау және цифрландыру, сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды. Тараптар архив және кітапхана қорларымен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері бойынша да тәжірибе алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу