Қазақстан мен Сауд Арабия кәсіпкерлері 18,2 млн долларға келісімшарт жасасты

417

Отандық компаниялар қазақстандық өнімдерді таныстырды.

Қазақстан мен Сауд Арабия кәсіпкерлері 18,2 млн долларға келісімшарт жасасты Фото: gov.kz

26-28 қараша аралығында Эр-Риядта алғаш рет қазақстандық кәсіпкерлердің сауда миссиясы өтті, деп жазады Inbusiness.kz сайты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының бизнесмендерімен кездесулерде Қазақстанды ет және ет өнімдерін, бал, ұн және күнбағыс майын, құрылыс материалдарын, тау-кен және металл өнеркәсібі өнімдерін өндіретін 25 компания, сондай-ақ IT және басқа да қызметтерді жеткізушілер таныстырды.

Эр-Риядтағы келіссөздер нәтижесінде қазақстандық кәсіпкерлер 18,2 миллион долларға экспорттық келісімшарттарға қол қойды.

Сауда министрлігі атап өткендей, "соңғы жылдары Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара сауда қарқынды дамып келеді".

Осылайша, 2023 жылдың 9 айында екі елдің тауар айналымы 13,4 миллиард долларға жетіп, қазақстандық өнімдердің экспорты өткен жылдың көлемінен асып, 7,2 миллиард долларды құрап, 66,5 пайызға өсті. Қазақстан Сауд Арабиясына негізінен машина жасау және металлургия өнеркәсібінің өнімдерін жеткізеді.

Өткен жылдан бастап қазақстандық өндірушілер Сауд Арабиясының нарығына салқындатылған қой етін экспорттай бастады. Барлығы ҚСА импорттаушылардың тізіліміне 34 ет және бал өнімдерін өндіруші кіреді, тағы 23 кәсіпорын қосуды күтуде.

"Орта мерзімді перспективада қазақстандық компаниялар Сауд Арабиясына жалпы құны 500 миллион долларға жуық тауардың 75-тен астам түрін қосымша жеткізуге дайын, металлургия және тамақ өнеркәсібіндегі өндірушілердің экспорттық әлеуеті зор. Қызмет көрсетушілер, әсіресе IT саласындағы ынтымақтастыққа жоғары қызығушылық танытып отыр", - деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу