Қазақстан мен Сауд Арабиясы көлік-логистика саласындағы байланысты күшейтпек

159

​Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының Көлік және логистикалық қызметтер министрі Салех Әл-Джассермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан мен Сауд Арабиясы көлік-логистика саласындағы байланысты күшейтпек Фото: gov.kz

Кездесу барысында тараптар 26 тамызда екі ел үкіметтері арасында әуе қатынасы жөніндегі келісімге қол қойылғанын атап өтіп, құжаттың Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланысты дамытудағы маңызын талқылады.

Жаңа келісім екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін кеңейтуге, жолаушылар мен жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сауда, инвестиция, туризм және гуманитарлық байланыстарды дамытуға жаңа жол ашылады.

Тараптар бұдан бөлек көлік-логистика бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырды.

Атап айтқанда, транзиттік тасымалды дамыту, көлік дәліздері мен логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және жүк ағынын көбейту перспективалары сөз болды. Кездесу қорытындысында тараптар қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және екі елдің көлік саласындағы практикалық байланыстарын одан әрі нығайту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу