Қазақстан мен Сауд Арабиясы сотталған азаматтарды ұстап беруге келісті

727

Қазақстан мен Сауд Арабиясы сотталған азаматтарды ұстап беруге келісті

Мәжіліс Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында сотталғандарды ұстап беру туралы заң жобасын мақұлдады. Құжатты таныстырған Бас Прокурордың орынбасары Андрей Лукинның айтуынша қос тараптың заңнамасына сәйкес кемінде бір жылға бас бостандығынан айыру жазасынан бастап барлық үкім ұстап беруге жататын қылмыс деп танылады. Аталған заң жобасына қазынадан 9,5 млн теңге бөлінген, сондықтан бұл бюджеттен қосымша қаржы бөлуді қажет ептпейді. Саудиямен келісім Қазақстан үшін шет мемлекеттермен жасалған 19-шы құжат болып отыр. Алдағы уақытта мұндай мәміле тағы 5 ел Бразилия, Португалия, Йордания, Македония және Грекиямен жасалмақ. Дегенмен, заң жобасының ерекшеліктері де бар. Мысалға әр тарап белгілі себептермен ұстап беруден бас тарту құқығына ие.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

"Мемлекетке қарсы қылмас болса олар бермейді. Біз де бермейміз. Сауд Арабиясы да солай, біздің азамат сол жақта әскери қылмыс немесе мемлекетке қарсы қылмыс жасаса олар да бермеуге құқылы. Мұның барлығы бірақ екі мемлекеттің арасында консультация ретінде шешілуі мүмкін"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу