Қазақстан мен Сербия арасында транзиттік тасымал көлемі артты

636

Қазақстан мен Сербия арасында транзиттік тасымал көлемі артты

2016 жылы Қазақстан мен Сербия арасындағы жолаушы және жүк тасымалының көлемі 15% артып, 5400 тоннаға жетті. Бұл туралы инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәжілістің пленарлы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңның жобасымен таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Министрдің айтуынша, келісім қос мемлекет арасындағы халықаралық жолаушы және жүк тасымалын, сондай-ақ олардың аумағы арқылы транзиттік тасымал мен үшінші мемлекетке немесе олардан мемлекеттердің бірінде тіркелген автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын тасымалды реттейді.

"Біз үшін Сербия, ең алдымен, транзиттік мемлекет ретінде қызықты. Бізде осы елмен тасымал көлемі 5400 тоннаға жуық. Біз Сербия арқылы Оңтүстік Еуропаның барлық еліне транзитпен өтеміз", – дейді министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстан үшін Оңтүстік Еуропа елдеріне рұқсатсыз қолжетімділік алу маңызды.

"Жалпы соңғы жылдары болып жатқан дағдарысқа қарамастан, автомобиль тасымалы нарығы жыл сайын артып келеді. Сондықтан Сербия арқылы тасымалдау транзиті де жыл сайын бірнеше есеге артып отыр", – дейді ол. 

Мемлекеттер арасындағы немесе олардың аумағы арқылы транзитпен жүк тасымалы рұқсатсыз жүзеге асырылады.

Қазақстан 41 елмен осындай Келісім жасағанын айтып өткен жөн.

Заң жобасын мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу