Қазақстан мен Сербия бірқатар маңызды бағытта ынтымақтастықты кеңейтеді

394

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастық министрі Ненад Поповичпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазақстан мен Сербия бірқатар маңызды бағытта ынтымақтастықты кеңейтеді Фото: СІМ ҚР

Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының Сербияға 2024 жылғы 18-19 қарашадағы ресми сапары және Сербия Президенті А.Вучичтің 2026 жылғы 26-27 ақпанда Астанаға жасаған сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Министр Н.Попович Қазақстан басшылығын Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, сондай-ақ, Сербия басшылығының жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыруға берік бейілділігін атап өтті. Сонымен қатар, ол көлік, құрылыс, жасанды интеллект, цифрландыру және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше тоқталды.

Елші Қазақстан тарапының ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм және денсаулық сақтау салаларындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлармен алмасты. Бұл жоспарлар қазақ-серб қатынастарының одан әрі дамуына жаңа серпін беруге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу