Қазақстан мен Швеция агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ниетті

508

Тараптар екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару мақсатында тығыз өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Қазақстан мен Швеция агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ниетті Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстанның Швециядағы Елшісі Сергей Нұртаев Швеция Корольдігінің Ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым министрлігінің Еуроодақ істері және халықаралық қатынастар хатшылығының басшысы – бас директоры Фредерик Альфермен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық-швед өзара іс-қимылының жай-күйі мен даму бағыттарын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады.

Қазақстан Елшісі швед әріптесіне еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы туралы айтып, осы секторды дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ саланының мемлекеттік қолдау шаралары және қазақстандық ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығы туралы ақпаратымен бөлісті. Тараптар жер және су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өтім нарықтарының қолжетімділігі, сондай-ақ экспорт пен аграрлық ғылымды дамыту, технологиялар трансферті мәселелері жайында пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығару мақсатында тығыз өзара іс-қимыл жасауға келісіп, сондай-ақ өзара екіжақты іс-сапарларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу