Ақордада Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің келіссөздері өтіп жатыр

956

Келіссөздер барысында барлық саланы қамтитын мәселелердің кең ауқымы жан-жақты талқыға түседі. 

Ақордада Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің келіссөздері өтіп жатыр

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер арасында кездесу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, Ақордаға келген Ули Маурерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Швейцария басшысының ресми сапарына орай Құрмет қарауылы сап түзеп, Қазақстан Президентінің оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан мен Швейцария Президенттерінің шағын құрамдағы келіссөздері өтіп жатыр. Одан кейін екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер болмақ. Аталған келіссөздер барысында барлық саланы қамтитын мәселелердің кең ауқымы жан-жақты талқыға түседі. Қорытындысында Мемлекет басшылары бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтіледі.

Жалпы, Швейцария Президенті Ули Маурердің ресми сапары аясында Қазақстан Үкіметінің басшысымен кездесуі, екі елдің іскер топтарының қатысуымен өтетін "дөңгелек үстелде" сөз сөйлеуі жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу