Қазақстан мен Швейцарияның сауда айналымы 9 айда 2,9 млрд АҚШ долларына жетті

909

Қазақстан мен Швейцарияның сауда айналымы 9 айда 2,9 млрд АҚШ долларына жетті

2016 жылғы 5 желтоқсанда Цюрих қаласында Қазақстан Республикасының Швейцариядағы елшілігі Швейцария – Азия сауда палатасымен бірлесе отырып, Қазақстанның инвестициялық және іскерлік климаты туралы дөңгелек үстел өткізді. Шараға денсаулық, сақтандыру, көлік, жоғары технология, банк және азық-түлік салалардың 30-дан астам компаниясы қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Швейцария Қазақстанның негізгі бес сауда серіктесінің қатарына кіретінін атап өту қажет. 2016 жылдың тоғыз ай бойынша тауар айналым 2,9 млрд АҚШ долларына жетті.  

Қатысушылар алдында ҚР Швейцариядағы елшісі Жанар Айтжанова, Швейцария – Ресей/ТМД Сауда-экономикалық палатасының вице-президенті Жан Поль Периа және Швейцария - Азия Сауда палатасы басқармасының мүшесі Тук Сенг Лоу сөз сөйледі. 

Инвестиция мүмкіндіктерін сипаттау барысында Елші Жанар Айтжанова мемлекетіміздің инвестициялық климатты және бизнес жасау жағдайды жеңілдету мен жақсарту бойынша Үкіметтің іске асырып жатқан жұмысы туралы жан-жақты хабарлап, қазақстандық Елші Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының және Еуразиялық экономикалық одағының мүшесі болуы шетел компанияларының алдында ашылатын тиімділігін атап өтті. 

Швейцария Азия Сауда палатасы басқармасының мүшесі Тук Сенг Лоу айтуынша, Қазақстанның Doing business 2017 халықаралық бизнес рейтингтегі жоғары 35-ші орны Үкіметіміздің бизнес рәсімді оңайлату және шетел инвестицияларды тарту бойынша оң  саясатын көрсетеді. 

Сонымен қатар, Novartis, UBS, Rheinmettall, Switzerland tourism, AOT holding, Ruag aviation, Astra және басқа компаниялардың өкілдерімен салық салу, логистика, тиісті рұқсат құжаттарды алу, бизнес ашу мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Инвесторлармен "бір әйнек" принципі, омбудсмен  институты, салық пен кеден жеңілдіктері, әкімшілік тосқауылдарды қысқарту және рұқсат қағаздарды беру рәсімін жеңілдету бойынша жұмыстар қатысушылардың ерекше қызығушылығын танытты.

Елші Жанар Айтжанова ЭКСПО-2017 халықаралық көрме, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және мемлекеттік объектілерді жекешелендіру процессіне белсенді қатысуға шақырды.   

Басқосу нәтижесінде бірлескен бизнес-жобаларды талқылау мақсатында швейцарлық іскерлік топтардың Қазақстанға 2017 жылы сапарын ұйымдастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу