2021 жылғы 4 айда Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 14,2 млрд доллар болған. Бұл бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары: 12,8 млрд доллар.
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Душанбеде өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық форумына қатысып жатыр. Ол ертең аяқталады.
"Қазақстанның ШЫҰ-ға қатысушы елдерге экспортын ұлғайту әлеуеті химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, машина жасау және экономиканың басқа да өңдеу салалары бойынша шамамен 2 млрд доллар болады", – деді министр форумда.
Сондай-ақ Бақыт Сұлтанов сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және оның жоғары оң динамикасын қолдау үшін қазақстандық делегация жеткізілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды ұсынды.
Жиында Қазақстан тарапы өсіп келе жатқан платформаларға қажетті қолдау көрсететін және қатысушы елдердің аумағында тауарларды беру нүктелерін ашуға жәрдемдесетін электронды коммерцияны қолдау қорын құру керегін айтты.
Форум аясында Сауда және интеграция министрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.