Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 51 млрд АҚШ долларын құрады

612

ШЫҰ-ға мүше елдердің Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы бейнеконференцбайланыс режимінде өтті. 

Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 51 млрд АҚШ долларын құрады Фото: primeminister.kz

2021 жылдың қорытындысы бойынша Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқыны 4%-дан 9%-ға дейін ұлғайды. 

Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы жиынтық тауар айналымы 22%-ға өсіп, 51 млрд АҚШ долларын құрады, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайылов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

"Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалана отырып, бұл іске үлес қосуға дайын. Мұнда маңызды қадам селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу болады. Бұл ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, мемлекеттеріміздің ғылыми селекциялық орталықтарын кооперациялауға жол ашады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді", – деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша,  Ақтау портының "Үндістан – Парсы шығанағы елдері – Иран – Қазақстан – Ресей" бағытындағы торапқа айналуға әлеуеті зор.

"Қазіргі жағдайда Транскаспий көлік дәлізінің Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі рөлі де артып келеді. Осы бағыттың мүмкіндіктерін бірлесіп іске асыру жүктердің тұрақты көлемінің болуы мен үздіксіз тасымал көлемін қамтамасыз етеді", – деп атап өтті Премьер-Министр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу