Кездесуде білім және ғылым саласындағы қарым-қатынасты нығайту, оның ішінде жоғары оқу орындары арасындағы кооперацияны арттыру, студенттер алмасу және тағы басқа мәселелерге ерекше назар аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Enterprise Singapore компаниясы арасындағы Сингапур стандарттарын тарату және аудару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.