Қазақстан мен Сингапур инвестицияларды өзара көтермелейтін болады

420

Қазақстан мен Сингапур үкіметтері арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімге 2018 жылғы 21 қарашада қол қойылды.

Қазақстан мен Сингапур инвестицияларды өзара көтермелейтін болады Фото: gov.kz

Мәжіліс Қазақстан мен Сингапур Үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жетекші серіктестерінің бірі және әлемдегі жетекші қаржылық хабтардың бірі. Қазіргі уақытта инвестиция саласында екіжақты қарым-қатынастардың белсенді дамуы байқалады. Қазақстан экономикасын дамыту үшін Сингапур инвестицияны тиімді басқарудың тәжірибесі мен технологиясын ұсына алады. Осы Келісім тараптардың аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыру кезінде инвесторлардың саяси тәуекелдерге қарсы құқықтарының халықаралық құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған", - деді Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Назира Нұрбаева.

Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу