Нью-Йорк қаласында еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Ли Ен Хомен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Олар Корей түбегіндегі ахуалды талқылап, Пхеньянға Қазақстанның ядролық қарусыздандыру тәжірибесі ұсынылды. Кездесуде Қайрат Әбдірахманов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту бастамаларын сөз етті. Сонымен қатар ол кореяаралық саммит және АҚШ пен Солтүстік Корея өткізген келіссөздердің нәтижесін қолдайтынын алға тартты.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы аясында еліміздің сыртқы істер министрі ұйым басшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарломен кездесті. Олар Орталық Азиядағы серіктестік жайын талқылады. БҰҰ өкілінің айтуынша, соңғы жылдары бұл аймақ қарқынды дамып келеді.