Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

866

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.

Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қатынастарын нығайта отырып, Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

"Біздің елге қош келдіңіз. Татарстан – Ресейдің дамып келе жатқан аймағы. Сіз Қазақстан Парламентінің Мәжілісінде де, Сенатында да келіссөздер жүргіздіңіз. Мен біздің қарым-қатынасымызды өте жоғары бағалаймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу