Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі өкілдерінің Қазан қаласында өткен "РОСТКИ: Ресей мен Қытай – өзара тиімді ынтымақтастық" IV халықаралық форумына қатысуы барысында белгілі болды.
Халықаралық жиында Қазақстан, Ресей және Қытайдың музей, ғылым және білім беру саласының мамандары бас қосып, мәдени мұраны сақтау мен халықаралық әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстандық делегация Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасын зерттеу мен насихаттаудағы музейлердің рөліне тоқталып, Қазақстан мен Қытай арасындағы музейаралық ынтымақтастық туралы баяндама жасады.
Форум аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі мен Татарстан Республикасының Ұлттық музейі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім бойынша тараптар бірлескен көрмелер ұйымдастырып, ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар музей қызметкерлері арасында тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстарды дамыту жоспарланып отыр.