ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, деп жазады inbusiness.kz.
"26 наурыздан бастап "Түрікменстан" әуекомпаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер "Алматы-Ашхабад" бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілікпен сейсенбі және бейсенбі күндері "Боинг-737" әуе кемелерінде орындалатын болады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу