Заң жобаларының бірі Қазақстан мен Түрікменстан арасында жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауда рұқсатсыз жүйеге көшуді қарастырады. Оның қабылдануы қазақстандық тасымалдаушыларға рұқсат құжаттарын сатып алмай, сондай-ақ 250 АҚШ доллары көлеміндегі алымды төлемей жүк тасымалдауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, депутаттар Қазақстанның Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылу мәселесін талқылады. Халықаралық автомобиль тасымалдарында e-CMR электрондық жүкқұжатын енгізу де күн тәртібіне қойылды.
Электрондық жүкқұжат қағаз құжат айналымын қысқартып, жүкті рәсімдеуге кететін шығындар мен әкімшілік кідірістерді азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жүйе логистикалық процестердің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Комитет заң жобалары бойынша жұмысты жалғастырады.