ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Түрікменстанның Мемлекеттік министрі – "Түрікменгаз" мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Энергетика министрлігінің басшысы А.Сәтқалиев бірлескен
күш-жігердің арқасында елдер өзара тиімді ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жаңа деңгейіне шығара алатынына сенім білдірді.
Тараптар келіссөздер қорытындысы бойынша елдердің газ саласындағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында Түрікменгаз бен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында ниет туралы Меморандумға қол қойды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу