Қазақстан мен Түрікменстан шекаралық проблемасы жоқ елдер болады

785

Қазақстан мен Түрікменстан шекаралық проблемасы жоқ елдер болады

Қазақстан мен Түрікменстан шекаралық проблемасы жоқ елдер болады. Мұны президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Түркіменстан басшысы Гүрбангулы Бердімұхамедовпен ресми кездесуде айтты, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Түрікменстан президентінің мемлекеттік сапары дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ширек ғасырда қарым-қатынас өзара сенім мен қолдауға негізделді. Достығымыз бен егемендігіміздің 25 жылдығымен құттықтаймын. Түркіменстан – маңызды серіктес және Қазақстанның аймақтағы сенімді одақтасы. Біздің халқымыз бауырлас, кеңпейіл көршілер", – дейді мемлекет басшысы.

Президент айтып өткендей, сан ғасырлар бойы бізді тарихи тамырымыз, тіліміз бен дініміз біріктіріп келеді.

"Екі жақты қырларымыз транзитті көлік, энергетика және өзге де әлеуеті зор салаларды дамытып отыр. Бүгін біз Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестік туралы маңызды құжатқа қол қойып отырмыз. Осы келісім аясында біз дамудың жаңа деңгейіне шығамыз. Біз екі ел арасындағы барлық шекара мәселесін шешіп жатырмыз. Бұл ешқандай шекаралық проблемасы болмайтын екі мемлекет қана болатынын білдіреді", – дейді елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу