Қазақстан мен Түркіменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

1141

Бүгін Түркімен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркіменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.  

 Қазақстан мен Түркіменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түркімен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Ү.ж. 6 тамызда Түркіменбашы қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу