Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қатынай бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ-ге сілтеме жасап.
"Turkish Airlines" түрік әуе компаниясы ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бастап А-320 және Б-737 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр",- делінген хабарламада.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу