Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны қысқаруы мүмкін

762

Бұл ұсынысты ведомствоаралық комиссия қарастыруда.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны қысқаруы мүмкін

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың айтуынша Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің жиілігі өзгеруі мүмкін. Бұл аталған елдегі эпидахуалға байланысты қабылданатын шара, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Қазір Түркияда эпидемиологиялық ахуал өте күрделі. Онда күн сайын 50 мыңнан аса жағдай тіркелуде. Елімізбен салыстырар болсақ онда тәуліктік көрсеткіш 5,5 есеге жоғары. Сол себепті ведомствоаралық комиссияға Түркияға әуе рейстерінің санын қысқарту туралы ұсыныс жасалды. Қазір бұл мәселе қарастырыл жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу