Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжатқа қол қойылды

637

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжатқа қол қойылды

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастықты реттейтін бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Сонымен қатар генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркия Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің орталығында болды.

Бұдан өзге сапар аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлумен кездесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу