Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету бойынша келісім ратификацияланды

550

Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасын мақұлдады. 

Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау рәсімдерін жеңілдету бойынша келісім ратификацияланды Фото: Inbusiness.kz

Тиісті құжатты Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды, деп жазады inbusiness.kz.

Ел елдің үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім 2022 жылғы 10 мамырда Анкарада жасалған.

Келісімді ратификациялаудың мақсаты – Тараптар мемлекеттерінің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік бойынша мәліметтермен электрондық нысанда алмасу арқылы кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту.

"Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптардың кеден органдары алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды. Сондай-ақ, ақпарат алмасудың Техникалық шарттарын әзірлейді және пилоттық жобаны іске асыруға кіріседі. Ол аяқталғаннан кейін Тараптардың кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде алмасуды бастайтын болады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның сөзінше, келісім жобасы екі ел арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және оңтайландыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу