"Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес биылғы жылғы 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды",– деп жазылған ИИДМ хабарламасында.
Бұл шектеулер коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылмақ.
Қазіргі уақытта екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалуда. Олар:
- Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл, 2 рейс
- Нұр-Сұлтан - Анталья, 1 рейс
- Алматы - Ыстамбұл, 7 рейс
- Алматы - Анталья, 5 рейс
- Түркістан - Ыстамбұл, 2 рейс
- Ақтау - Ыстамбұл, 1 рейс
- Шымкент - Ыстамбұл, 2 рейс.
Рейстерді орындау күндері әуе компаниялардың сайттарында орналастырылған.