Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады

833

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуды қабылдады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

"Тарихи тамыры терең қатынастарымыз өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты. Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде. Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мевлют Чавушоглу Қазақстан Президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу