Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5,89 млрд долларды құрады

453

Түрік инвесторларының елімізге деген қызығушылығы жоғары. 

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5,89 млрд долларды құрады Фото: Егемен Қазақстан

2022 жылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5,89 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғандай айтарлықтай көп, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Украинада басталған соғыс Қазақстанға Ресей, Батыс елдері және Қытаймен қарым-қатынаста жаңа тепе-теңдік іздеуге итермеледі. Түркия Орталық Азия көшбасшыларына баламалы жолдарды ұсыну арқылы өзінің аталмыш аймақтағы қатысуын кеңейтуге ниетті.

Түркияның Орталық Азия елдерімен бұрыннан бері тығыз байланысы бар. Бұл аймақты ортақ тілдік, мәдени және тарихи мұра арқылы түркі әлемінің  бөлігі деп атайды. Бұдан басқа Түркия бес елдің тәуелсіздігі туралы декларацияны бірінші болып мойындап, көп ұзамай өзінің сауда серіктесі еткен мемлекет болды.

Бұл мемлекет тауар айналымы бойынша еліміздің ең ірі серіктестерінің бестігіне кіреді. Қазіргі жағдай бұл өсім үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Өткен жылғы қазанда екі ел басшылары тауар айналымын 10 млрд долларға дейін арттыру ниетін білдірді.

Бұл ретте Түркия Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында Ресейге балама мемлекет болуға ұмтылады. Ресейге қарсы бағытталған санкциялар бұл бағытты жауып тастайтындықтан, Түркия Ресейді айналып өтудің негізгі жолын ұсына алады.

Түрік инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығы да артып келеді. 2022 жылғы үш тоқсан қорытындысы бойынша тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 344,5 млн доллларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу