Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады

638

 27 тамыздан бастап тұрақты рейстер орындала бастайды.

Қазақстан мен Түркия арасындағы жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады

2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады, деп хабарлады ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін COVID19-ның таралуына бойынша жағдайға байланысты, түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын.

"Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізілді. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады",– деп жазылған ААК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу