Қазақстан мен Түркия әскерилері бірлескен оқу-жаттығу өткізеді

343

ҚР Қорғаныс министрлігі 2024 жылға жоспарланған әскери жаттығулар тізімін жариялады.

Қазақстан мен Түркия әскерилері бірлескен оқу-жаттығу өткізеді Фото: inbusiness.kz

Бұл тұрғыда Түркия Қарулы күштерімен бірлескен "Қабылан жолы-2024" оқу-жаттығуы, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштері бөлімшелерінің қатысуымен "Бірлестік-2024" командалық-штабтық іс-шарасы өткізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнымен қоса, биылғы жоспарда мына жиындар бар:

"Бекет-2024" кешенді жаттығуы;

әуедегі шабуылға қарсы қорғаныстың жедел-тактикалық "Ашық аспан-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

Каспий маңы мемлекеттерінің (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей) бірлескен жаттығулары;
жедел-тактикалық "Айбалта-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы;

"Тосқауыл-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы.

"Бұл жаттығулардың бұрынғыларынан айырмашылығына тоқталсақ, оқу-жаттығу тұжырымдамасы геосаяси жағдайды, өңірдегі және әлемдегі ахуалды ескере отырып, жыл сайын өзгереді", - делінген министрлік ақпаратында.

Сонымен қатар 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, екіжақты негізде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерімен бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастырылмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу