Қазақстан мен Түркия мәдени байланыстарды нығайтуға уағдаласты

349

Тараптар әдебиет, кино және рухани мұра бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады.  

Қазақстан мен Түркия мәдени байланыстарды нығайтуға уағдаласты Фото: Almaty_akimdigi Telegram

Астана қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Түркия Республикасы Парламентінің депутаты, Әділет және даму партиясы төрағасының түркі мемлекеттерімен ынтымақтастық мәселелеріне жауапты орынбасары, профессор Күршад Зорлу арасында кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Аида Балаева Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары қазақ-түрік ынтымақтастығын кең ауқымды бағыттар бойынша дамытуға тың серпін бергенін атап өтті.

Тараптар әдеби байланыстарды жандандыру, деректі және көркем фильмдер шығару, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері мен ілімін кеңінен насихаттау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу