Қазақстан мен Түркия метрология бойынша келісімге қол қойды

694

Ислам елдерінің стандарттар және метрология институттарының (SMIIC) 10-отырысы шеңберінде ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт басшылығы "TUBITAK UME" Түрік метрология институтымен келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Түркия метрология бойынша келісімге қол қойды

Бұл келісім Қазақстанға не береді?

Біріншіден, екі елдің кәсіпкерлері арасында өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану бөлігінде мәселелер шешілетін болады.

Екіншіден, жаңа буынның кванттық эталондарын бірлесіп жобалау және өндіру.

Үшіншіден, ислам елдеріне экспортталатын өнімді сынау үшін өңірлік референттік орталық құрылатын болады.

Төртіншіден, метрология саласында өзара қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылатын болады.

Бесіншіден, оқыту мен практикалық тағылымдамалардан өту бөлігінде өзара іс-қимылды күшейту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу