12 қарашада Ыстанбұлда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті өтеді.
Түркия мен Қазақстан мемлекеттері "Түркия мен Қазақстан арасындағы шекара маңы орталықтарындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға" қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz
Құжатқа қол қою рәсімі Ыстанбұлда Түркияның сауда министрі Мехмет Муш пен Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өтті.
Еске сала кетсек, 11 қарашада Түркияның Ыстанбұл қаласында Түркия және Түркітілдес елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған халықаралық конференция болды. Жиынға Түркітілдес елдердің сауда және экономика министрлері қатысты. Сондай-ақ елдердің инвестицияға, кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен инвесторлар келді.
Табиғат Нұрболат