Қазақстан мен Түркия СІМ басшылары Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

148

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті.  

Қазақстан мен Түркия СІМ басшылары Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады Фото: ҚР СІМ

Әңгіме барысында тараптар Таяу Шығыста қалыптасқан қазіргі әскери-саяси ахуалды және өңірдегі шиеленісті төмендету жолдарын талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзербайжан аумақтарына жасалған әскери шабуылдарға байланысты алаңдаушылық білдірді.

Сонымен қатар министрлер Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.

Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы істер және көлік министрліктері деңгейінде жеке кездесу өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль Қорғаныс армиясы Иран астанасы Тегеранда "ирандық режимнің инфрақұрылымына" қарсы ауқымды соққылар жасалғанын мәлімдеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу