Қазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығын бірлесіп дамытуға уағдаласты

491

"AgriTek Shymkent 2022" алаңында тиісті келісімге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ТР Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан мен Түркия тұқым шаруашылығын бірлесіп дамытуға уағдаласты Фото: gov.kz

Бұдан бөлек тараптар тұқым шаруашылығында бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен шаруаларды Түрік Республикасында заманауи технологияларды оқытуға өзара келісті. Түркия қазақстандық тұқым өндірушілермен жұмыс істеуге әзір. Бұл бағытта келіссөз жүргізу үшін құрамында 41 түрік компаниясының өкілі бар делегация келді.

Жұмыс сапары аясында түрік делегациясы Шымкенттегі жеміс-жидек өсіретін "Александр бағына" барды. Кәсіпорынның 200 гектарының 15-не Түркиядан әкелінген "голден делишес", "джероми", "фуджи", "гала", "грени смит" алма ағашының бұталары отырғызылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу