Қазақстан мен Түркия Үкіметтері денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық нығайтуға ниетті

697

Тиісті қаулы жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Қазақстан мен Түркия Үкіметтері денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық нығайтуға ниетті Фото: Хабар24

Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасындағы денсаулық сақтау саласында ынтымақтастық туралы келісім бекітілмек, деп жазады inbusiness.kz. 

"Қоса беріліп отырған 2022 жылғы 12 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін", - делінген құжатта.

Екі ел үкіметтері келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады:

-       Пандемияларды қоса алғанда, инфекциялық және инфекциялық емес аурулармен күрес;

-       медицина жұмыскерлерін оқыту мен олардың біліктілігін арттыру және ана болу қауіпсіздігі мен дағдыларға үйретуді қоса алғанда бірлескен жобаларды, ана мен бала өлімін болғызбау үшін жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бағдарламаларын әзірлеу;

-       академиялық ұтқырлық;

-       мемлекеттік медициналық ұйымдардың ауруханаларын басқару жүйесі;

-       денсаулық сақтау статистикасын жақсарту;

-   медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу;

-        мейіргерлік қызмет бойынша ынтымақтастық және т.б. бар.

Құжатты жария талқылау 18 сәуірге дейін жалғасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу