Қазақстан мен Түркия валюта келісіміне қол қойды

312

Қазақстан мен Түркия орталық банктерінің төрағалары Тимур Сүлейменов пен Фатих Карахан Қазақстан теңгесі мен түрік лирасы арасындағы екіжақты валюта свопы туралы келісімге қол қойды.  

Қазақстан мен Түркия валюта келісіміне қол қойды Фото: nationalbank.kz

Құжатқа қол қою рәсімі Вашингтонда Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері аясында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім мәні:

  • екі ел арасындағы өзара есеп айырысуды жеңілдету;
  • сауда-саттықта валюта тәуекелдерін азайту;
  • ұлттық валюталардағы өтімділікке қол жеткізуді жақсарту;
  • Қазақстан бизнесіне қолдау ретінде түрік серіктестермен жұмыс істеуді жеңілірек әрі тиімдірек етуге жағдай жасау.

Валюта свопы – екі елдің ортасындағы келісім. Осыған сәйкес олар белгілі бір мерзімге бір-біріне валюталарын айырбастайды. Яғни, бұл валюта айырбастау туралы келісім, көбінесе орталық банктер арасында жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу