Қазақстан мен Түркияның іскери топтары инвестиция мәселелерін талқылады

893

Форумға екі елдің 100-ге жуық ірі және орта компанияларының өкілдері қатысқан.

Қазақстан мен Түркияның іскери топтары инвестиция мәселелерін талқылады

Стамбул қаласында Қазақстан мен Түркияның іскери топтары бас қосқан инвестициялық бизнес-форум болып өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Ақпарат көзінің дерегінше, аталған шараны Қазақстан жағынан Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, "Атамекен" Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және еліміздің Түрік Республикасындағы елшілігі ұйымдастырған. Ал Түркия жағынан  Түрік Республикасының Экономика министрлігі, Түркияның сыртқы сауда байланыстары комитеті ұйымдастырған.

Форумға екі елдің 100-ге жуық ірі және орта компанияларының өкілдері қатысқан.

Шара барысында B2B форматында кәсіпкерлер арасында әралуан салалар бойынша келіссөздер жүргізілді.

Айта кетейік, форум соңында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасалып, екі жақты байланыстардың перспективалары талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу